2019 жылы 16 тамызында Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт анықтады
2019 жылғы 16 тамызында Бөкебай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында
Байдаулет орманшылығының 73 кварталы, Долон филиалының аумағында өрт шықты. Өрт
туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Өрт апатымен күреске Бөкебай
авиациялық бөлімшесі мен Долон филиалының күштері мен құралдары тастанды. Өртті
оқшаулауға және жоюға: тікұшақ және Бөкебай авиациялық бөлімшесінің 2 өрт
сөндіруші-десантшысы, Долон филиалының 16 адамы, 5 бірлік техника жұмылдырылды.
Өрт себебі-найзағай.