2019 жылы 17 тамызында Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері 4 өрт анықтады

2019 жылғы 17 тамызында Бородулиха авиациялық бөлімшесімен күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Семей Орманы" МОТР Камыштин, Успен, Ауыл және Батпаев орманшылықтарының аумақтарында 4 өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді.
От апатымен күреске Бородулиха авиациялық бөлімшесінің және "Семей Орманы" МОТР филиалдарының күштері мен құралдары тастанды. Барлық қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында өрттер шағын алаңдарда жойылды, өрттің жалпы ауданы 0,51 га құрады. Өртті сөндіруге тікұшақ және Бородулиха авиациялық бөлімінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, "Семей Орманы" МОТР филиалдарының 39 адамы, 14 техника жұмылдырылды. Өрт себебі-найзағай.

 

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға