2019 жылдың 18 тамызында Бөкебай авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019 жылғы 18 тамызында Бөкейбай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Рамадан орманшылығының 201 кварталы, Бөкебай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Өрт апатымен күреске Бөкебай авиациялық бөлімшесі мен Бөкебай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті оқшаулауға және жоюға: тікұшақ және Бөкебай авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Бөкебай филиалының 10 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды.