2019 жылдың 25 тамызында Қостанай авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019 жылғы 25 тамызында Қостанай авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Қазанбасы орманшылығының 52 және 59 кварталдарының, Басаман ҚМУ аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иесіне берілді. Өрт апатымен күреске Қостанай авиациялық бөлімінің, Басаман ҚМУ, ТЖД күштері мен құралдары жіберілді. Өрт 150 га аумақта ауыздықталды. Өртті сөндіруге тікұшақ және Қостанай авиациялық бөлімінің 2 өрт сөндіруші-десантшы, Басаман ҚМУ-ның 20 адамы, ТЖД-ның 12 адамы, 11 бірлік техника жұмылдырылды.