2019 жылдың 26 тамызында өрт шықты
2019 жылғы 26 тамызында мемлекеттік қор жерлері аумағында өрт пайда болды. Өрт орнына Ақмола авиациялық бөлімшесінің, Ақкөл ҚМУ және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші десантшылары келіп жетті. Дер кезінде анықтау және оқшаулау шараларын қабылдау нәтижесінде өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына қауіп жойылды. Өрт 5 га көлемінде сөндірілді. Өртті оқшаулауға және жоюға Ақмола авиациялық бөлімінің 8 өрт сөндіруші-десантшысы, Ақкөл ҚМУ-нің 15 адамы, Өрт сөндіру бөлімі, 1 бірлік техника жұмылдырылды.