2019 жылы 28 тамызда Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкері профилактикалық дәріс өткізді
2019 жылы 28 тамызда халықты ақпараттандыру
бағдарламасы аясында Жамбыл авиациялық бөлімшесінің өрт сөндіруші-десантшысы А.
М. Дурмешевпен "Балғаным" ЖК қызметкерлері арасында "Орманды
өрттен қорғаңыздар" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізілді. Қызметкерлер
орман алқабы аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман
өртін байқаған кездегі іс-әрекеттермен, орманға бару кезіндегі санитарлық
нормаларды сақтау ережелерімен танысты.