2019 жылы 29 тамызда Қарқаралы авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019 жылы 29 тамызда Қарқаралы авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау
барысында Қарқаралы МҰТП 79 кварталында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу
орман иесіне берілді. Қарқаралы авиациялық бөлімшесі мен Қарқаралы МҰТП күштері
мен құралдары отты апатпен күреске жіберілді. Өрт 0,002 га алаңда жойылды. Өртті
оқшаулауға және жоюға тікұшақтар мен Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 2 өрт
сөндіруші-десантшысы, Қарқаралы МҰТП-ның 15 адамы, 1 техника жұмылдырылды.