Орманды өрттен қорғайық
Әулиекөл ауданында 2005 жылдан бастап "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қостанай әуе бөлімшесі орналасқан, оның басты мақсаты Қостанай облысының орман шаруашылығы мекемелері мен Наурызым мемлекеттік қорығының аумағында орман өрттерін дер кезінде анықтау және сөндіру болып табылады. Орман өрті-бұл біздің ормандарымыздың негізгі жауы,жылдан жылға ол ондаған және жүздеген гектар жасыл желектерді алып кетеді. Өрттің негізгі себептері-найзағай және адам факторы. Орманда отпен абай болыңыз! Орман өртінің алдын алу-әркімнің азаматтық борышы! Орманда және орманмен шекаралас аймақта кез келген жануды байқап, өрт сөндіру бөліміне және "Семиозер орман шаруашылығы мекемесіне"хабарлауға тырысыңыз. Тел.: 25-5-05.
Арман Теңізов, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қостанай авиациялық бөлімшесінің басшысы»
Әулиекөл аудандық газеті