Ұлттық қазынаны сақтаңыз
Светлана СБРОДОВА
Бақты орманшылығындағы табиғи өрттің аумағы 3700 гектарға дейін өсті, оның 1900 га-ын орман алады.
Жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған Қарқаралы ауданында апат ауқымын игеру үшін жұмыс тәулік бойы жүргізілуде. Қарағанды облысының ТЖ департаментінің бастығы Ибрагим Құлыпымбаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Апатпен күресуге ТЖД қызметкерлері, еріктілер, Жергілікті атқарушы органдар, Қарқаралы орман шаруашылығы және ұлттық табиғи парк, Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі қу шаруашылығы өкілдері, сондай-ақ "Орталық" өңірлік қолбасшылығының № 52859 әскери бөлімінің жауынгерлері, Баянауыл ұлттық паркінің және "Бұйратау"ұлттық паркінің қызметкерлерінен 370-тен астам адам жұмылдырылды. Өртті сөндіруге 60 бірлік техника, оның ішінде "Қазавиақұтқару" АҚ, ТЖК және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК үш тікұшағы жұмылдырылды. Жақында апат аймағында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов болды. Ол жедел кеңес өткізіп, барлық мүмкін болатын шараларды қабылдауға тапсырма берді. ТЖ мәліметі бойынша, өрт ауыздықталды.