2019 жылдың 5 қыркүйекте өрт шықты
2019 жылы 5 қыркүйекте Қарқаралы орманшылығы, Қарқаралы МҰТП 107 кварталына қауіп төніп тұрған дала өрті табылды. Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің, Қарқаралы МҰТП, ТЖ және ЕӨҚ күштері мен құралдары отты апатпен күреске жіберілді. Өртті сөндіру қатты желмен және құрғақ шөптің болуымен қиындады. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК мен Қарқаралы МҰТП қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт мемлекеттік орман қорына залал келтірмей жойылды. Өртті сөндіруге Қарқаралы авиациялық бөлімінің 4 адамы, Қарқаралы МҰТП 12 адамы, ЕӨҚ 20 адамы, 5 ТЖБ және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің шамамен алғандағы алаңы 25 га.