2019 жылы 6 қыркүйекте Баянауыл авиациялық бөлімі өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға қатысты
Оқу-жаттығудың мақсаты:
1. Жергілікті атқарушы органдардың, авариялық - құтқару қызметтерінің және әскерилендірілмеген өртке қарсы құралымдардың өзара іс-қимылын пысықтау;
2. Өрт сөндіруге күштер
мен құралдарды жедел тарту;
3. Өрт сөндіруді ұйымдастыру және басқару, тартылатын күштер мен құралдарды басқару бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру.
Оқу-жаттығуға Баянауыл полиция бөлімі, Баянауыл МҰТП, Баянауыл аудандық ауруханасы, Баянауыл РЭС, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Баянауыл авиациялық бөлімшесі қатысты.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығудың нәтижелері бойынша барлық функционалдық топтардың басшыларын қатыстыра отырып, жедел штаб кеңесі өткізілді, онда оқу-жаттығудың барысын талдау және оның қорытындысы шығарылды.
Оқу-жаттығуды
ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шаралар нақты жағдайға барынша жақын
болған жағдайда орман өрттерін сөндіру дағдыларын пысықтау, осы өртті жою кезінде
туындауы мүмкін барлық нюанстардың кетуі, барлық жедел қызметтердің өзара
іс-қимылы және өрт сөндіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өткізіледі.