2019 жылдың 10 қыркүйегінде Бородулиха авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019
жылғы 10 қыркүйекте Бородулиха авиациялық бөлімшесімен күзетілетін аумақты
авиациямен қарауылдау барысында Семей филиалының Талица орманшылығының 57
кварталы аумағында өрт шықты. От апатымен күреске Бородулиха авиациялық
бөлімшесі мен Семей филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Жедел
қабылданған шаралардың арқасында өрт шағын ауданда - 0.01 га ауыздықталды. Өрт
себебі-найзағай. Өртті сөндіруге тікұшақ және Бородулиха авиациялық бөлімінің 2
адамы, Семей филиалының 8 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.