2019 жылы 10 қыркүйекте Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019 жылғы 10 қыркүйекте Павлодар авиациялық бөлімі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Көкжал орманшылығының 34 кварталы, "Ертіс орманы"МОТР РММ Бесқарғай филиалының аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Бесқарғай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Бесқарғай филиалының 13 адамы, 3 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.005 га кіші алаңда жойылды.