2019 жылы 11 қыркүйекте Павлодар авиациялық бөлімінің қызметкерлері өртті анықтады
2019
жылғы 11 қыркүйекте Павлодар авиациялық бөлімі күзететін аумақты авиациямен
қарауылдау барысында "Ертіс орманы" МОТР РММ Бесқарғай филиалының 175
кварталында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімі мен
Бесқарғай филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Өртті сөндіруге Павлодар
авиациялық бөлімінің тікұшағы мен 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Бесқарғай
филиалының 14 адамы, 4 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың
арқасында өрт 0.04 га кіші алаңда жойылды.