2019 жылы 22 қыркүйекте Қарқаралы авиациялық бөлімінің қызметкерлерімен шыққан 3 өрт анықталды

2019 жылы 22 қыркүйекте Қарқаралы авиациялық бөлімшесімен күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Қарқаралы МҰТП Горный орманшылығының 109 кварталында өрт шыққаны анықталды. От апатымен күреске Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің және Қарқаралы МҰТП күштері мен құралдары тастанды. Өртті ауыздықтауға және жоюға: тікұшақ және Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші-десантшысы, Қарқаралы МҰТП-ның 5 адамы, 2 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.02 га кіші алаңда жойылды.

Сол күні дала және орман өрттері табылды. Дала өртін аралау барысында қыстаққа қауіп төніп тұрғаны анықталды. Өрт орнына өрт сөндіру құралдары бар өрт сөндіруші десантшылар отырғызылды. Тұрғын үй қыстауы өрттен құтқарылды. Өрт туралы ақпарат орман иеленушіге және ТЖБ өрт сөндіру қызметіне берілді. Күзетілетін аумақты одан әрі аралап шығу барысында Қарқаралы МҰТП Горный орманшылықтың 6 кварталындағы өрт табылды.

От апатымен күреске Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің және Қарқаралы МҰТП күштері мен құралдары тастанды. Өртті сөндіруге тікұшақ пен Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 3 өрт сөндіруші-десантшысы, Қарқаралы МҰТП-ның 10 адамы, 1 техника жұмылдырылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.0005 га кіші алаңда жойылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға