2019 жылы 23 қыркүйекте Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкері профилактикалық дәріс өткізді

2019 жылғы 23 қыркүйекте халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Павлодар авиациялық бөлімінің АӨҚ нұсқаушысы В. В. Бабаков жөндеу-механикалық шеберханалардың (ЖМШ) қызметкерлері арасында "Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында профилактикалық дәріс өткізді. Ұйым қызметкерлері орман алқабының аумағында отпен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін байқаған кездегі іс- әрекеттермен, орманға келген кездегі санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Дәріс соңында қатысушыларға үгіт-насихат парақшалары таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Абай к-сі, 32/2
Тел.: +7 (727) 346-13-71
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға