2019 жылы 23 қыркүйекте Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт табты
2019 жылы 23 қыркүйекте Шу
өзенінің жайылмасында Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен
қарауылдау барысында өрт табылды. Өрттің МОҚ аумағына өту қаупі туындады. Өрт орнына өртті сөндіру
және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін. өрт сөндіру құралдары бар 4 өрт
сөндіруші- десантшы түсірілді. Ұзақ және қажырлы күрескеннен кейін өрт барлық бағыттар
бойынша оқшауланып, жойылды. Өрт сөндіруге Жамбыл авиациялық бөлімшесінің
тікұшағы мен 4 десантшысы жұмылдырылды. Өрт аумағы 0,5 га.