2019 жылы 24 қыркүйекте Қарқаралы авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт тапты
2019 жылғы 24 қыркүйекте Қарқаралы авиациялық бөлімшесі күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына іргелес мемлекеттік қордағы жер аумақтарынан (буферлік аймақ) дала өрті табылды. Қарқаралы МҰТП Кент орманшылығының 183 кварталының аумағына өрт шығу қаупі туындады. Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің, Қарқаралы МҰТП және ЕӨПҚ күштері мен құралдары өрт апатпен күреске тасталды. Барлық өрт сөндіру қызметтерінің үйлесімді іс- әрекеттерінің арқасында өрт барлық фронт бойынша оқшауланып, мемлекеттік орман қорына қауіп шешілді. Өртті ауыздықтауға және жоюға: тікұшақ және Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Қарқаралы МҰТП 8 адамы, ерікті өрт сөндіру құрамалары 20 адам, 5 бірлік техника жұмылдырылды . Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.02 га кіші алаңда жойылды.