2019 жылы 24 қыркүйекте Қарқаралы авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт тапты
2019 жылы 24 қыркүйекте Қарқаралы авиациялық бөлімшесімен күзетілетін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Бақты орманшылығына, Қарқаралы МҰТП қаупі бар дала өрті табылды. Өрт туралы ақпарат тез арада орман иелеріне және аудандық ТЖ бөліміне жануды оқшаулау және жою бойынша жедел шаралар қабылдау үшін берілді. Дер кезінде байқалудың және жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт мемлекеттік орман қорына залал келтірмей жойылды.