2019 жылы 22 қыркүйекте ірі орман өрті болды

2019 жылдың 22 қыркүйегінде Баянауыл МҰТП Жасыбай орманшылығының 39, 43, 44 кварталдарының аумағында орман өрті болды. Қатты желдің салдарынан өрт орман шаруашылығының басқа кварталдарына тез тарады. Өрт сөндіру жетуі қиын жерде, қатты желмен (18 м/с дейін) күрделенді. Өртті сөндіру үшін сыртқы аспадағы су төгу құрылғысы бар бірінші класты Ми-171 және "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Ми-8 тікұшақтары тартылды. Өртке әуеден бақылау орнатылды. Өрт аптына қарсы ұзақ және табанды күрескеннен кейін өрттің таралуы 88 га аумақта тоқтатылды. Өртті сөндіруге 140-тан астам адам (оның ішінде Баянауыл және Өскемен авиациялық бөлімшелерінің десантшылары), 38 бірлік техника қатысты. Қазіргі уақытта өрт қарауылдануда.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға