2019 жылғы 23 қыркүйекте Асу-Бұлақ ҚМУ қаупі бар ірі дала өрті жойылды

Өрт Тарғын ауылдық округінің жерінде орын алды. Жану Асу-Бұлақ ҚМУ Приморск орманшылығының 440, 441, 448, 455 кварталдарының аумағына өту қаупі туындады. Өрт орнына шұғыл түрде Асу-Бұлақ ҚМУ, Өскемен авиациялық бөлімшесі мен ТЖД күштері мен құралдары тартылды. Өртті сөндіру қатты желмен (30 м/с дейін) күрделенді. Өскемен авиациялық бөлімшесі, Асу-Бұлақ ҚМУ және ТЖД қызметкерлерінің үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында өрт барлық фронт бойынша ауыздықталды, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп шешілді. Өртті сөндіруге Өскемен авиациялық бөлімінің 5 өрт сөндіруші десантшысы, Асу-Бұлақ ҚМУ 20 адамы, ТЖД 8 қызметкері, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт алаңы 300 га.

Популярные новости


Алматы қ., Абай к-сі, 32/2
Тел.: +7 (727) 346-13-71
Е-mail: airbar@list.ru
Жоғарыға