2019 жылы 26 қыркүйекте өрт жойылды
2019 жылдың 26 қыркүйегінде Жанасемей филиалының Подгорный орман шаруашылығының 160 кварталы аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Бөкебай авиациялық бөлімшесі мен Жаңасемей филиалының күштері мен құралдары жіберілді. Жедел қабылданған шаралардың арқасында өрт 0.1 га аумақта жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға: Бөкебай авиациялық бөлімшесінің тікұшағы мен 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Жаңасемей филиалының 8 адамы, 4 техника жұмылдырылды.