2019 жылғы 4 қазанда өрт жойылды
2019 жылдың 4 қазанында Қарқаралы МҰТП, Таулы орманшылықтың 60 кварталы
аумағында өрт шыққаны табылды. Өрт апатымен
күреске Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің және Қарқаралы МҰТП күштері мен
құралдары жұмылдырылды. Жедел қабылданған
шаралардың арқасында өрт 0.0015 га аумақта жойылды. Өртті оқшаулауға және жоюға тікұшақтар мен Қарқаралы авиациялық
бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, Қарқаралы МҰТП-ның 10 адамы, 5 бірлік
техника жұмылдырылды.