2019 жылдың 7 қазанында табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша ұшулар жүзеге асырылды


Авиарейд барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды - Қызыл кітаптағы балықты заңсыз аулау. Қызыл кітаптағы балықты заңсыз аулау аулау фактісі бойынша барлық материалдар қылмыстық іс қозғау үшін Алтай қаласының АІІБ-не берілді.
Сол күні Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының
аумағында заңсыз балық аулауды жүзеге асыратын қорық аумағындағы топ ұсталды.
Оқиға орнына Теректі кенттік полиция бөлімінің жедел тобы жеткізілді.

Тексеру кезінде
заңсыз аулау өнімдері, аулау құралдары және тіркелмеген қарудың бір бірлігі
табылды. Бұл ретте, топ көлік құралын жүргізу құқығына құжаттары жоқ үшінші
тұлғаға тиесілі автомашинада орын алған.