2019 жылдың 8 қазанында табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау бойынша ұшулар жүзеге асырылды
2019 жылдың 8 қазанында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы МҰТП орман қорғау және өсімін молайту бөлімінің бастығы Е. Құрманғалиевпен бірлесіп табиғат пайдалану ережелерінің сақталуын бақылау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау мақсатында күзетілетін аумақты аралап шықты. Авиарейд барысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ.