2019 жылы 11 қазанда Жамбыл авиациялық бөлімінің қызметкерлері өрт шыққанын тапты
2019 жылдың 11 қазанында мемлекеттік қор жерлері аумағында өрт пайда болды, Көктерек ҚМУ-нің Алмалы орманшылығының 80-кварталына қауіп төнді. Өрт болған жерге Жамбыл авиациялық бөлімінің 5 өрт сөндіруші-десантшылары өрт сөндіру құралдарымен, өрт сөндіру және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін жеткізілді. Дер кезінде анықтау және оқшаулау шараларын қабылдау нәтижесінде өрт тоқтатылды, мемлекеттік орман қорына қауіп жойылды. Өрт 5 га көлемінде АПС күшімен сөндірілді.