Катон-Қарағай ұлттық паркінде 6 тәулікке жуық ірі өрт сөндірілді
Катонқарағай ұлттық паркінде 20 гектардан астам орман алқабы жанып кетті, деп хабарлайды "Хабар 24". Өрт, жетуі қиын таулы жерлерде, 6 тәулік бойы сөндірілді. Өрттің үш көзі теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте табылды. Ұлттық парктің 114 қызметкері, Қазавиаорманқорғау әуе бөлімшесі және ат патрульдері отпен күресті. Іс жүзінде өрт сөндірушілер тау беткейінде мотопомпалар орнатылып, жалын ошақтарын жойды. Жыл басынан бері бұл Катон-Қарағай паркінде алтыншы өрт болды. Оқиға себептері мен мән-жайларында өңірде құрылған жұмыс тобымен талқылануда.
Юрий Лесной, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Катон-Қарағай авиациялық бөлімшесінің басшысы»:
- Биылғы жылы
Катон-Қарағай паркінің аумағында 6 өрт болды, олар жетуі қиын жерде, онда жету
тек аттармен немесе тікұшақпен ғана, түнде - суық, күндіз - ыстық. Тау
беткейінде мотопомпалармен су
жеткізу қиынға соқты.