Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтаймыз

Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні (Белоруссия, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Украинада - орман қызметкерлері күні)— барлық орман қызметкерлерінің интернационалдық кәсіби мерекесі. Қазан айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда өздерінің асыл еңбегімен біздің орман байлығымызды еселейтін және оларды тиімді пайдалануға ықпал ететін адамдардың кәсіби мерекесі аталып өтеді.

Барлық уақытта адамдар іс жүзінде кез келген кәсіп беделді бола алатынын мойындады – барлығы адам қалай жұмыс істейтініне байланысты. Кез келген мамандық бірегей. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі, өз құндылықтары мен қаһармандары бар.

Орман - біздің ең үлкен табиғи байлығымыз, экологиялық қауіпсіздіктің кепілі, елдің халықтық-шаруашылық кешенінің басым бөлігі. Орманға дана және қамқор иесі қажет. Осы құнды ұлттық қазынаны сақтау, көбейту, қамқорлы және ұтымды пайдалану — орманшылықтың ғана емес, қоғамның да міндеті.

Құрметті орман шаруашылығы қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шын жүректен денсаулық, оптимизм, еңбекте жаңа жетістіктер тілейміз. Сіздің барлық мақсаттар мен ұмтылыстарыңыз іске асырылатын боласын, әрбір отбасында бейбітшілік, бақыт және береке орын алсын!

Ізгі тілекпен, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК ұжымы

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға