2019 жылғы 7 қарашада "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-да азаматтық қызметшілер аттестаттаудан өтті

2019 жылғы 7 қарашада "Қазавиаорманқорғау" РМҚК-да азаматтық қызметшілер аттестаттаудан өтті. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау қызметшілердің білімі мен біліктілігінің олардың атқаратын лауазымына және (немесе) олар үміттенген біліктілік санатына сәйкестігі деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады. Аттестациялау кезінде азаматтық қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті негізгі бағалау өлшемі болып табылады. Аттестаттау комиссиясының құрамына төраға - Бас директор Кесимбаев А. А., комиссия мүшелері - бас бухгалтер Төлепбергенова А. С., заң бөлімінің басшысы Ибраев Ж. О., кадр бөлімінің басшысы Алмабаев С. К., ұшу-өндірістік қызметінің басшысы Аманов А. К. кірді. Аттестаттау сынақтарына бақылаушы-ұшқыштар, авиациялық бөлімшелердің басшылары, бухгалтерлер, заң кеңесшісі, экономист, АӨТ және АӨК нұсқаушылары, ҰКҚ, РДҚ және АӨҚ басшылары, мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, бас бухгалтер, инженер-бағдарламашы, контент-менеджер, РДҚ диспетчері және т. б. қатысты. Қызмет басшылары аттестаттаудан өтіп жатқан қызметкерлердің кәсіби дағдылары мен жеке қасиеттерін атап өтті. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК азаматтық қызметкерлері аттестаттаудан сәтті өтті.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға