2020 жылғы 25 ақпанда "2019 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы және 2020 жылғы өрт қауіпті маусымдағы міндеттер" тақырыбында кеңес өтті

Кеңес барысында 2020 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық және орман иеленушілердің өрт қауіпті маусым ішінде орман өрттерінің алдын алу және олармен күресу мақсатында қабылдаған шаралары туралы мәселелер талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша, өрт қауіпті маусымға дайындық аясында келесіні жүргізуге қауылданды:
1. Орман өрттерін сөндіру және аумақты өртке қарсы жайластыру мәселелері бойынша орман өрттерін оқыту және нұсқау беру;
2. Өрт сөндіру командаларын қалыптастыру;
3. Өртке қарсы техниканы, жабдықтарды және бақылау объектілерін жөндеу;
4. Елді мекендердің айналасында орналасқан ормандарда өртке қарсы алдын алу іс-шаралары;
5. Ормандарды заңсыз кесуден қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша инспекторлық құрамды, Мемлекеттік күзет қызметкерлерін, сондай-ақ орман тәртібін бұзушылықтар бойынша құжаттаманы жасау және жүргізу тәртібін оқыту;
6. Өрт қаупі бар маусым басталғанға дейін қолда бар ағаш кесу қалдықтарын жағу;
7. Өрт қауіптілігін
төмендету мақсатында орман қоры аумағында және оған іргелес аумақтарда
бақыланатын шөп өсімдіктерін өртеу жүргізу.
"Қазавиаорманқорғау" РМҚК кәсіпорынынан кеңеске Талдықорған авиациялық бөлімшесінің басшысы М. К. Базарбеков және Алматы авиациялық бөлімшесінің бақылаушы - ұшқыш Я. Р. Ибрагимов қатысты.