2020 жылғы 17 наурызда, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК –да азаматтық қызметшілерді аттестаттау өтті

2020 жылғы 17 наурызда, "Қазавиаорманқорғау" РМҚК –да азаматтық қызметшілерді аттестаттау өтті. Азаматтық қызметшілерді аттестаттау қызметшілердің білімі мен біліктілігінің олардың атқаратын лауазымына және (немесе) олар үміттенген біліктілік санатына сәйкестігі деңгейін айқындау мақсатында жүзеге асырылады.

Аттестациялау кезінде азаматтық қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті негізгі бағалау өлшемі болып табылады. Аттестаттау комиссиясының құрамына төраға - Бас директор Кесімбаев А. А., комиссия мүшелері - бас директордың орынбасары Аманов А. К., бас бухгалтер Төлепбергенова А. С., заң бөлімінің басшысы Ибраев Ж. О., кадр бөлімінің басшысы Алмабаев С. К. кірді. Аттестаттау сынақтарына авиациялық буындардың командирлері, ҰКҚ инспекторы, мемлекеттік сатып алу бөлімінің менеджері, механик, кадрлар жөніндегі инспектор, ӘШҚ басшысы, заң кеңесшісі, инженер-инспектор, авиациялық бөлімшелердің басшылары, бақылаушы-ұшқыштар қатысты.

Қызмет басшылары аттестаттаудан өтіп жатқан қызметкерлердің кәсіби дағдылары мен жеке қасиеттерін атап өтті. "Қазавиаорманқорғау" РМҚК азаматтық қызметкерлері аттестаттаудан сәтті өтті.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға