2020 жылғы 17 наурызда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК орталық аппаратында кеңейтілген кеңес өтті
2020 жылғы 17 наурызда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК (орталық аппарат) бас директоры А. А. Кесімбаевтың төрағалығымен орталық аппараттың қызметтері мен бөлімдері басшыларының, авиациялық буындар командирлерінің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтті.
Кеңес барысында орталық аппарат қызметтері мен бөлімдері басшыларының 2019 жылғы өрт қауіпті маусымның қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды және талқыланды. Өрт қауіпті маусымға уақытында дайындалу бойынша бірінші кезектегі мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, кеңесте келесі қаралды:
1. Өрт қауіпті маусымның қорытындысы және 2020 жылғы өрт қауіпті маусымға арналған міндеттер;
2. Республикалық диспетчерлік қызмет жөніндегі мәселелер;
3. Бухгалтерия бойынша сұрақтар;
4. Кадр мәселелері (жаңа еңбек кодексі);
5. Еңбек Кодексы және ұжымдық шарт сұрақтары бойынша;
6. Авиациялық бөлімшелердегі ескертулер бойынша баяндама;
7. Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысты күшейту және 2020 жылға арналған медиа-Жоспарды орындау жөніндегі мәселелер;
8. Әлеуетті өнім берушілермен электрондық шарттар жасасу мәселелері;
9. 2020 жылға арналған қаржылық жағдайға шолу.