ОРМАНШЫЛАР ТАУЛЫ АЙМАҚТЫ АВИАЦИЯ КӨМЕГІМЕН БАҚЫЛАУДА
Алматы облысының далалы және таулы аймақтарында өрт қауіпсіздігінің жоғары сыныбы тіркелуде. «Қазавиаорманқорғау» мамандары орман өртінің алдын алу мақсатында күн ашық күндері әуеден тәулігіне екі рет бақылау жүргізеді. Кезекті патрульдік жұмысқа біз де қатысып қайтқан едік.
Алматы облысындағы бірқатар орман шаруашылығы аймақтарын өрттен қорғауға негізделген әуе бақылауының жалпы ұзақтығы 920 шақырым, 4 сағат 20 минутты қамтыды. Тәжірибелі орман қорғаушы Якупжан Ибрагимовтың бұл күнделікті жұмысы. Оның көктем мен қыс аралығындағы уақыты аспанда ұшумен өтеді. Өйткені, бөлімшеде бақылаушы ұшқыш саны аз. Өрт қауіпсіздігінің жоғарғы санатында ұшу уақыты күніне екі рет қосылғанда, жұмыс ауырлай түседі.
Таудың жоғарғы бөлігіндегі орманды алқаптарды қадағалауға авиацияның мүмкіндігі жоғары. Сондықтан, кенет тауда өрт шығып қалса, жоғардан жүргізілген бақылау негізінде орманшылыққа және әуеден өрт сөндіру бөліміне жедел ақпараттар беріледі. Бұл жалынның аумақты тез шарпып кетпеуіне және алдын алуға үлкен мүмкіндік береді. Құрамында әуе десентшылары бар «Қазавиаорманқорғау» қызметкерлі орман өртіндегі кез келген қауіпке дайын, бірақ қызметкерлер санын арттыру да маңызды екенін айта кеткен жөн.
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы бөлімшесі патрульдік жұмыстарды Ан-2 ұшағының көмегімен орындайды. Авиа бақылауда Кеген орман шаруашылығы әуе кеңістігіне өту мүмкін болмады. Жаңбыр бұлттары кезінде, экипаж бұлтсыз, жаңбырсыз аумақты бағытқа алады. Төменде Сөгеті тауы, Көкпек шатқалы, Бұғыты, Кетпен, Торайғыр тауы, Жабыр, Ұзынбұлақ, Шарын, Темірлік каньондары, көрінді.
Якупжан Ибрагимов,
«Қазавиаорманқорғау» РМҚК Алматы бөлімшесінің бақылаушы аға ұшқышы:
-Биыл өрт маусымы оңтүстік өңірде 26-наурыздан, солтүстікте 10-сәуірден басталды. Еліміздегі төтенше жағдай және карантин жағдайына байланысты ұшу жұмыстары да кеш басталды. Өйткені, қызметкерлердің қаладан ауылға, ауылдан қалаға кіріп-шығуы бойынша рұқсат қағаздары болмады. Өрт маусымы басталғанға дейін Алматы облысының бірқатар аумағында аз көлемдегі өрттер тіркелді, ал өрт маусымы басталғалы жағдай тыныш.
Осы уақытқа дейін Алматы авиабөлімшесінде 70 сағатқа жуық уақыт ұшып өттік. Біздің бөлімшемізге 650 сағат бөлінген. Қазіргі кезде жауын-шашынның аз болуына байланысты таулы аймақтар аса қауіпті болып есептеледі. Шыршалы, орманды аумақтарды қарау негізгі мақсат.
Өрт қауіпсіздігі бірнеше санатқа бөлінеді. Бүгінгі әуе бақылауында таулы аймақта-3 сынып, Шелек, Шоңжы, Жаркент орман шаруашылығында — 5 сыныпты көрсетті.
Жаңбыр кезеңде өрт шықса, әуеден бақылау жұмыстары орындалмайды. Бұл ұшуға қауіп тудырады. Бұл уақытта тауда найзағай жиі түседі. Өрт тауда сол кезде орын алмауы мүмкін. Бірақ ол екі, үш, тіпті бір аптадан кейін шығуы ықтимал. Себебі топырақ астындағы шөп ұзақ уақыт тұтанып, жел тұрғанда жанып кетуі мүмкін. Бұл ең қауіпті өрт болып саналады. Негізінен өрт жер асты, жер үсті және жоғарғы деп бөлінеді.
Өткен жылы найзағай әсерінен өрт көп тіркелді. Таңертен сағат 9.00-ден кешкі сағат 19.00-ге дейін ұшу жүргізілетін уақыттар болады. Ондай күндері белгіленген бағытты қайта айналып ұшамыз. Бақылаушы ауыспайды, тек арасында бірнеше сағат үзіліс алады. Қызметкерлер жетіспейді.
Халыққа айтарым, орман ішінде өрттен абай болу керек және алдын алу маңызды.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
(Суреттерді түсірген автор)
Алматы облысы
http://kazgazeta.kz/?p=103440
http://kazgazeta.kz/?p=103440