2020 жылғы 17 наурызда "Қазавиаорманқорғау" РМҚК орталық аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жиналыс өтті

2020 жылғы 17 наурыз күні "Қазавиаорманқорғау" РМҚК орталық аппаратта жиналыс өткізілді, оның барысында заң бөлімінің басшысы Ж.О. Ибраев "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар"тақырыбында баяндама оқыды.

"Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткізілетін алдын алу шараларының негізгі мақсаты - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының әрбір негізгі ережелерін жеткізу және мысалдарды келтіру арқылы мемлекеттік қызметшілерге заңды бұзудан болатын келеңсіз салдарларды көрсету. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді күрес үшін қоғамның барлық жіктерінің жүйелі күш-жігері қажет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық позициясына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез - құлық нормаларына айналуы тиіс."- деп хабарлады жиналыс барысында Ибраев Ж. О.

Жиналысқа орталық аппарат ұжымы, авиациялық буындардың командирлері, авиациялық бөлімшелердің басшылары, ұшқыштар бақылаушылар, ұшу-өндірістік қызметтің инспекторы және т. б. қатысты.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға