2020 жылғы 6 сәуірде Қазақстанның бірнеше облыстарында өрт қауіпті маусым басталады
"2020 жылы мемлекеттік орман қоры жерлерінде өрт қауіпті маусым белгілеу туралы"№27-5-6/65 бұйрыққа сәйкес, 2020 жылғы 6 сәуірде аумақтарда өрт қауіпті маусым басталады - Мемлекеттік табиғи қорықтарында, "Ертіс Орманы" және "Семей Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваттарында, "Алтын дала", "Ақжайық", "Ырғыз-Торғай" мемлекеттік табиғи резерваттарында, "Бурабай", "Көкшетау", "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінде, Тарбағатай, Қарқаралы, Қатон-Қарағай, Баянауыл, Сандықтау оқу-өндірістік орман шаруашылығында және "Жасыл Аймақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнында, республикалық орман селекциялық-тұқым шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру орталығында, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жанындағы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармаларының орман мекемелеріде.