2020 жылдың 10 тамызында 2 өрт анықталды
2020 жылдың 10 тамызында Бородулиха ауданының авиациялық бөлімшесі қорғалатын аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Семей Орманы" МОТР РММ аумағында 2 өрт анықталды. Өрт туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді. Өрттердің бірімен күреске Бородулиха авиациялық бөлімшесінің күштері мен құралдары жердегі орман күзетіне көмекке лақтырылды. Уақытылы анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдау арқасында өрттер 0,35 га аспайтын алаңдарда оқшауланды. Тұтануды шектеуге барлығы 12 адамға дейін тартылды, оның ішінде Бородулиха авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, 3 бірлік техника, тікұшақ.