2020 жылдың 20 тамызында өрт шықты
2020 жылғы 20 тамызда күзетілетін Қарқаралы авиациялық бөлімшесі аумағының авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік орман қорына қауіп төндіре отырып, мемлекеттік босалқы жер аумағында өрт анықталды. Қарқаралы авиациялық бөлімшесі мен Қарқаралы МҰТП-нің күштері мен құралдары тілсіз жаумен күреске жұмылдырылды. Барлық қызметтердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт ауыздықталып, мемлекеттік орман қорына төнген қауіп жойылды. Өрт аумағы нақтылануда.