2020 жылдың 23 тамызында өрт шықты
2020 жылғы 23 тамызда Талдықорған авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында мемлекеттік қор жерлері аумағынан өрт шықты, Қаратал орманшылығының 40 орамы, "Үштөбе"КММ аумағына жану қаупі төнді. Өрт апатымен күреске Талдықорған авиациялық бөлімшесінің, жердегі орман күзетінің және жергілікті өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары лақтырылды. Өрт 40 га алаңда сөндірілді. Тұтануды оқшаулау және жоюға барлығы 15 адам жұмылдырылды, оның ішінде Талдықорған авиациялық бөлімшесінің 4 десантшы-өрт сөндірушісі, 4 бірлік техника, тікұшақ.