2020 жылдың 28 тамызында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің қызметкерімен профилактикалық дәріс өткізілді

2020 жылдың 28 тамызында Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің десантшы-өрт сөндірушісі А.М. Төкен халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында "АЗИЗ" Қарқаралы сауда үйінде "Қарқаралы МҰТП ормандарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау" тақырыбында алдын алу дәрісі өткізілді. Кәсіпкерлер, сауда үйінің сатушылары мен сатып алушылары ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтаудағы іс-әрекеттермен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормаларды сақтау ережелерімен танысты. Сондай-ақ өртке қарсы насихат бойынша парақшалар таратылды.

Популярные новости


Алматы қ., Керей-Жәнібек хандар к-сі, 259
Тел.: +7 (727) 271-81-45
Е-mail: info@aviales.kz
Жоғарыға