2020 жылдың 28 шілдесінде өрт ауыздықталды
2020 жылдың 28 шілдесінде "Ақкөл" КММ Мұншақты
орманшылығының 89 орамы аумағында өрт шықты. Өрт апатымен күреске Ақмола
авиациялық бөлімшесінің "Ақкөл" және "Красноборское" КММ
күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті ауыздықтауға барлығы 13 адам
жұмылдырылды, оның ішінде Ақмола авиациялық бөлімшесінің 4 өрт сөндіруші
десантшысы, 5 техника, тікұшақ.