Мойынқұм ҚМУ аумағында 2020 жылдың 17 шілдесінде болған өрт туралы ақпарат
2020 жылдың 17 шілдесінде Жамбыл авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Қарашарда орманшылығының, Мойынқұм ҚМУ 127 орамының аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді. Өрт апатымен күреске Жамбыл авиациялық бөлімшесінің, Мойынқұм ҚМУ мен жақын маңдағы орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары лақтырылды. Табылған кездегі өрт аумағы шамамен 500 га құрды. Өртті сөндіру жетуі қиын жерде және қатты желдің екпінімен күрделене түсті. Өрт анықталған сәттен бастап бір тәуліктен кейін ауыздықталып, қарауылдауға алынды.
Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өрт орнында екпіні 10 м/с-қа дейін қатты жел, ауа температурасы +38 градус болды. Қатты жел мен ыстық ауа-райына байланысты өрт үш күн ішінде үш рет қайталанды. Өрттің алдын ала көлемі 2020 жылдың 21 шілдесіне шамамен 34 000 га құрады. Оқшаулауға жақын маңдағы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің күштері мен құралдары, Жамбыл авиациялық бөлімшесінің мамандары жұмылдырылды.