2020 жылғы 21 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері өртті анықтады
2020 жылғы 21 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Тайбогар орманшылығының, Бесқарағай филиалының 118 орамының аумағында өрт анықталды. Өрт туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесі мен Бесқарағай филиалының күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті жоюға барлығы 25 адам, оның ішінде Павлодар авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, 5 техника, тікұшақ жұмылдырылды.