2020 жылдың 13 шілдесінде өрт сөндірілді
2020 жылдың 13 шілдесінде "Ертіс Орманы" МОТР РММ Шалдай филиалы, Галкин орманшылығының 13 кварталының аумағынан өрт шықты. Өрт апатымен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесінің және "Ертіс Орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының күштері мен құралдары лақтырылды. Өртті жоюға барлығы 12 адам жұмылдырылды, оның ішінде Павлодар авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші десантшысы, 3 техника, тікұшақ жұмылдырылды.