2020 жылдың 13 шілдесінде Бородулиха авиациялық бөлімшесінің қызметкерлерімен өрт анықталды
2020 жылғы 13 шілдеде Бородулиха
ауданының қорғалатын авиациялық бөлімшесінің авиациямен қарауылдау барысында
Бородулиха филиалы Дмитриевка орманшылығының 9 квартал аумағында өрт анықталды.
Өрт туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді. Өрт апатымен күреске
Бородулиха авиациялық бөлімшесі мен Бородулиха филиалының күштері мен құралдары
лақтырылды. Уақытылы анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдау арқасында
0.06 га алаңда өрт жойылды. Тұтануды оқшаулауға барлығы 17 адам жұмылдырылды, оның
ішінде Бородулиха авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, 4 бірлік
техника, тікұшақ.