2020 жылдың 10 шілдесінде Өскемен авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері профилактикалық дәріс өткізді
2020 жылғы 10 шілдеде халықты ақпараттандыру бағдарламасы аясында Өскемен авиациялық бөлімшесінің ӘӨТ нұсқаушысы М.В. Воробьев Шығыс Қазақстан облыстық ауруханасының қызметкерлері арасында өртке қарсы тақырыпта профилактикалық дәріс өткізді. Дәріске қатысушылар ормандағы отты пайдалану кезіндегі сақтық шараларымен, орман өртін анықтау кезіндегі әрекеттермен, орманда адасқан адамдардың әрекеттерімен, орман алқаптарына барған кезде санитарлық нормалардың сақталуымен танысты.