2020 жылғы 8 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері өртті анықтады
2020 жылғы 8 шілдеде Павлодар авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында "Ертіс Орманы" МОТР РММ Шалдай филиалы, Садықащы орманшылығының 80 квартал аумағында өрт шықты. Өрт туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді. Табылған өртпен күреске Павлодар авиациялық бөлімшесінің және "Ертіс Орманы" МОТР РММ Шалдай филиалының күштері мен құралдары лақтырылды. Уақытылы анықтау және оқшаулау бойынша шаралар қабылдау арқасында 0,001 га алаңда өрт жойылды. Тұтануды жоюға барлығы 9 адам жұмылдырылды, оның ішінде Павлодар авиациялық бөлімшесінің 2 өрт сөндіруші-десантшысы, 3 бірлік техника, тікұшақ жұмылдырылды.