2020 жылдың 7 шілдесінде Жамбыл авиациялық бөлімшесінің қызметкерлері өртті анықтады
2020 жылдың 7 шілдесінде Жамбыл
авиациялық бөлімшесі күзететін аумақты авиациямен қарауылдау барысында Мойынқұм
ҚММ, Фурманов орманшылығының 71 және 84 кварталдары аумағынан өрт шықты. Өрт
туралы ақпарат дереу орман иеленушіге берілді. Өрт апатымен күреске Жамбыл
авиациялық бөлімшесі мен Мойынқұм ҚМУ-нің күштері мен құралдары лақтырылды.
Өртке қарсы ұзақ және табанды күрестен кейін өрт 4 га алаңда жойылды. Тұтануды
жоюға барлығы 20-дан астам адам, оның ішінде Жамбыл авиациялық бөлімшесінің 7
өрт сөндіруші-десантшысы және 5 бірлік техника, тікұшақ жұмылдырылды.