2020 жылғы 30 маусымда орман авиациялық жұмыстар жүзеге асырылды
2020 жылдың 30 маусымында "Қазавиаорманқорғау" РМҚК Қарқаралы авиациялық бөлімшесінің мамандары Қарқаралы ауданының ТЖБ басшысымен бірлесіп күзетілетін аумақты бірлесіп аралап шықты. Авиациямен қарауылдау барысында МОҚ аумағындағы және МҚҚ-на іргелес аумақтағы шабындықтар, ауыл шаруашылығы алқаптары, жайылымдар қаралды. Ормандар мен ерекше қорғалатын аумақтарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау тақырыбына нұсқамалар мен парақшалар таратылды. Мемлекеттік орман қоры аумағын қарау кезінде өрт және табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықталған жоқ.