ОРМАН КҮЗЕТІНДЕ
Орманды өрттен сақтау қашанда ерекше назарда тұрған мақсаттардың бірі болып табылады. Басты байлығымыз саналатын табиғат көркін "тілсіз жаудан" қорғау жерде де, әуеде де жүргізіледі. Бүгінде Қарқаралы ұллтық табиғи паркі иелігіндегі орманды әуеден бақылап, қадағалау жүргізетін бірден бір мекеме - "Қазавиаорманқорғау" болып табылады. Тіқұшақ арқылы орман күзетін атқаратын авиатоп құрамында ұшқыш-бақылаушы Т. Плотников авиа-өрт тобының инструкторы А.Алтынсарин, өрт сөндіруші десантшылар Ж. Алдашов, Ж. Бексултанов, Е. Сатыбалдин, Ж. Дауренұлы, радиооператор Ж. Никамбаевалар бар.
Авиатоптың негізгі мақсаты - орман өртін дер кезінде анықтап, лезде сөндіру, орман заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, орманды бақылау. Қызметтерінде әрдайым оқыс оқиға, төтенше жағдайға дайын болатын мекеме бүгінде маңызды қызметтің бірін атқарып отыр. Жаз шығысымен өрт қаупі ұлғайған шақта, тікұшақ командасының да бақылау жұмыстары күшейе түседі. «Орманды өрттен қорғау - парызымыз» дейтін олар, қашанда қара орман күзетінде қырағылық танытады.
Өз тілшімізден, ауданының газеті "Қарқаралы"
4 маусым 2016 жыл