2020 жылғы 15 маусымда Баянауыл МҰТП аумағында 2 өрт сөндірілді
2020 жылғы 15 маусымда Баянауыл МҰТП, Баянауыл орманшылығының 18 және
60 кварталдар аумағында 2 орман өрті анықталды. Өрт апатымен күреске Баянауыл
авиациялық бөлімшесінің және Баянауыл МҰТП күштері мен құралдары лақтырылды.
Тұтануды оқшаулауға барлығы 30 адам жұмылдырылды, оның ішінде Баянауыл
авиациялық бөлімшесінің 6 өрт сөндіруші-десантшысы,9 бірлік техника.